Жарнама
Білім

Талап бар жерден таланттар шығады

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайында балабақша  басшыларына қойылар талап жоғары. Қазіргі кезеңде білім беру ұйымы басшысының жұмысында тез әрекет ету қабілетіне байланысты педагогикалық салаларда болып жатқан өзгерістерге, іскерлікке ғылыми-педагогикалық  жетістіктерді енгізу, басқару функцияларын тиімді жүзеге асыру міндеттері де кіреді. Осы мақсатта «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтының» ұйымдастыруымен облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына арналған арнайы курс өтті.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім саласын басқару» тақырыбында ұйымдастырылған курс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жалпы мемлекеттік басымдылықтар мен қазіргі заманғы трендтер, мектепке дейінгі ұйымның даму стратегиялары, білім саласын басқарудың негізгі құрамдас бөлігі жайында кеңінен айтылды. Сонымен қатар халықаралық ECERS-R шкаласын қолдана отырып пәндік-кірістік даму ортасының сапасын бағалау SOFT-SKILLS құзыреттері мен оларды дамыту жолдары, «Өрлеу» каналының бейне-ресурстары туралы теориялық материалдарымен қатар практикалық шаралар ұйымдастырылды. 

Атырау қаласының №37 «Болашақ» бөбекжай-бақшасында «Инклюзия мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасын басқарудың негізгі құрамдас бөлігі», №39 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасында «Халық-аралық ECERS-R шкаласын қолдана отырып мектепке дейінгі ұйымның пәндік дамыту ортасының сапасын бағалау» тақырыбындағы көшпелі-тәжірбиелер жұмыстары да өтті. Курс соңында тыңдаушылар курста дәріс алған тақырыптары бойынша кері байланыс ұйымдастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар қатысушыларға «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Роза Дәулетова арнайы сертификаттар табыстады.

Клара БАЗАРБАЕВА,

№39 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button