STEAM білім мектептерге енгізілсе…
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз…» деп Абай айтамыз айтқандай, Абай орталығы жанындағы «JasSpace» кеңістігі жас таланттарға STEAM бағытта білім беру арқылы ғылым жолында тың дүниелерді ашуға талпынуда.
Ал ерте жастан оқушыларға мұндай мүмкіндік беріп отырған аталған кеңістік – Атыраудағы ең ірі орталық. Республика бойынша алғаш мұнайлы өлкеде қолға алынған бұл жұмысты «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып отыр.
«JasSpace» бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланованың айтуынша, облыста бүгінге дейін жазғы мектеп, шеберлік сағаттары және 16 курс бойынша барлығы 4420 оқушы тегін білім алды. Болашақта олардың ішінен ғылымға бет бұрып, тың жаңалықтармен әлемді бағындырар ғалымдар шығар, бәлкім?! Өйткені «STEAM» курстары өскелең ұрпақты болашаққа бастар жол екені анық.
Қазірдің өзінде АҚШ-та STEAM бағытындағы білім мектеп бағдарламаларына енгізіліп жатыр. Бұл тәжірибені Қазақстан мектептерінде де бүгіннен бастап жүзеге асыру қажет-ақ.
А.Құрмашева