
Сапалы білім – ел болашағы
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына былтырғы Жолдауында адами капиталды дамытуға баса мән берілгені – өте құптарлық және уақытылы шешім. Әділетті Қазақстан құру жолында білім саласына жүйелі инвестиция салу – ел болашағы үшін ең маңызды бағыттардың бірі.
Бүгінде мектепке дейінгі білім беруден бастап, халықаралық білім додаларына дейінгі барлық сатыда нақты ілгерілеу бар. Балабақшалар желісінің кеңеюі, жаңа бағдарламалардың енгізілуі – бұл әр баланың әлеуетін ерте кезден ашуға мүмкіндік береді.
Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадалардағы жетістігі – білім сапасының артып, педагогтар еңбегінің нәтижесі екенін көрсетеді. Әсіресе, ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды қолдау – әлеуметтік әділеттіліктің нақты көрінісі.
Бұл бастамалар – Қазақстанның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін мықты іргетас. Біз мұны толық қолдаймыз және алдағы уақытта да білім саласын дамытуға белсенді атсалысамыз.
Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА,
«Қазақстан Халық партиясы” Атырау облыстық филиалының төрайымы