БІЛІКТІ ӘДІСКЕР – БЕРЕКЕЛІ ІС ҰЙЫТҚЫСЫ

Қазіргі таңда облыстық әдістемелік кабинетте бес бөлім өздерінің жылдық жоспарына сай қызмет атқаруда. Әдiстемелiк кабинет білім қызметкерлерінің әдiстемелiк жұмысын үйлестiру мен ұйымдастыру; бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыруда ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыздандыру, бiлiм беру процесiнiң жаңа түрлерiн, тәсiлдерiн, әдiстерiн, технологияларын әзiрлеу және енгiзу, қолданыстағыларды жетiлдiру, педагогтардың кәсiби шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдiстемелiк мүмкiндiктерiн жетiлдiру мақсатында жұмыс жүргізуде.

 

 Мұғалімдерінің кәсіби шығармашылық, инновациялық идеяларын қолдау, озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және тарату мақсатында пән мұғалімдерінің олимпиадалары, педагогикалық оқулар, «Әдістемелік вернисаж», «Үздік филолог», «Үздік экспериментатор», «Ең үздік авторлық бағдарлама», «Алтын диск», «Үздік жас ұстаз», «Үздік психолог», «Үздік ұйымдастырушы», «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Жыл тарихшысы», «Үздік дінтанушы», «Жыл мұғалімі – 2015», «Инноватор меңгеруші»кәсіби байқаулары өткізілді.

Атырау өңірінің дарынды балалары үшін 2014-2015 оқу жылы табысқа толы жыл болды. «Зерде» байқауының республикалық кезеңіне қатысқан он оқушының барлығы да жүлделі орындар иеленіп, командалық есепте Атырау облысы І орынды жеңіп алды.Ауыз толтырып айтарлық жетістіктер көп-ақ.

Білім беру жүйесін дамыту – бұл ең ұтылмайтын және инвестиция түрінде қайтарым беретін үдеріс. Бәсекеге қабілетті адам капиталы – елдің болашағы. Алдағы 2015-2016 оқу жылына толағай табыс пен жеңістер тілейміз.

Жұмахмет ТАЙШЫБАЕВ, облыстық әдістемелік кабинет директорының міндетін атқарушы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз