«Роботты өзіміз құрастырамыз!»

screenshot 22 Білім

Атыраулық жас өрендер енді роботты өздері құрастырып шығара алады. Биотехнология, бағдарламалау жүйесі, 3D Art, виртуалды əлемді қамтитын «Технопарк» облыстық білім жəне инновация лицейінде ашылды.

Кеше математикалық жəне аналитикалық ойлау қабілеті бар, бағдарламалау тілін жетік меңгерген, ІТ дағдылары қалыптасқан тұлға тəрбиелеу мақсатын көздейтін орталық салтанатты жағдайда шəкірттерін қабылдай бастады. Əрбір мемлекеттің дамуы жаңа технологияға, инновацияға, ғылымға байланысты. Сондықтан əрбір ел өзінің болашағы үшін осы салаларға айрықша мəн береді.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев та адами капиталды дамыту үшін білім беру саласын жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. Бүгінде жаңаша, тың жобаларды ойлап табуға құмар жастар аз емес. Бұл «Технопарк» осындай жас өрендерге бағыт-бағдар беріп, жол сілтеу үшін ашылып отыр. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сəдуақасованың айтуынша, мұндай парк дарынды жастардың талантын шыңдауға оң септігін тигізбек. «Технопарктың» жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 235 млн. теңге бөлінген.

А.МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз