Жарнама
Білім

Құрманғазы ауданында 62 білім беру ұйымы жаңа оқу жылына толықтай дайын

«Атырау облысы білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 62 білім беру ұйымы жаңа оқу жылына толық дайын. Олардың ішінде жалпы білім беретін 33 мектеп (27 орта, 3 негізгі, 3 бастауыш), 23 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымы және 1 арнайы білім беру мекемесі – №5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

  • Бүгінде ауданда үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 33 мектептің 7-еуі бір ауысымда, 26-сы екі ауысымда жұмыс істейді. Алайда оқушы орнына тапшылық бар. Осы мәселені шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында 600 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталуы жылдың соңына жоспарланған. Қазіргі уақытта М.В.Ломоносов мектебі құрылысының 60%, Ақкөл мектебінің 50% аяқталды, — деді аудандық Білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров.

Жаңа мектептер заманауи талаптарға сай салынып, асхана, екі спорт залы, акт залы, кітапхана, пәндік кабинеттер, үйірме бөлмелерімен қамтылады. Сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен және зертханалық кабинеттерден тұрады.

Қысқы маусымға дайындық мақсатында 20 электр генераторы сатып алынды. Абай және Ломоносов мектептеріне автономды модульді қазандық орнатылуда, жұмыстар қыс басталғанға дейін аяқталады деп күтілуде.

whatsapp image 2025 07 28 at 14.41.31

Биыл 8 мектептің жаңғырту жұмысы аясында 28 оқу кабинеті (биология, химия, STEM, АӘД, еңбек, инклюзив, география, математика, қазақ тілі, бастауыш, психолог) орнатылып, 7 мектепте толық аяқталды. Қалған бір мектептегі жұмыстар бірінші қыркүйекке дейін аяқталмақ.

Сонымен қатар 16 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1425 парта, 283 шкаф, 96 тақта сатып алынды. Барлығы да оқу орындарына жеткізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button