Жарнама
Білім

Құлсары балабақшасында балаларды улады деген жалған ақпарат тарауда

Жылыой аудандық білім бөлімі «Құлсарыдағы «Әсем» балабақшасында балаларды қасақана улауда» деген ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Әсем» балабақшасында 10 қыркүйек күні «Жылыой Дезсервис» мекемесі дезинсекция (жәндіктерді улау процедурасы), яғни маса улау жұмыстарын жүргізген.

Маса улау шарасы кешкі сағат 17.00 шамасында, яғни, балаларды ата-аналар алып кететін уақытта жасалды.

Балалар аулада тәрбиешілерімен бірге болды. Маса улау жұмысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген ата-ананың баласы 10 қыркүйекте балабақшаға келмеген. Анасы кешкі сағат 18.00 шамасында балабақшаға баласынының киімдерін алып кетуге келген.
Ескертуге қарамастан, «балаларды улап жатыр» деген бағытта жалған ақпарат таратып, видео түсірді.

Балабақшаға қатысты жалған ақпарат таратқан ата-анаға шара қолдану үшін «Әсем» балақшасы тарапынан құқық қорғау органдарына шағым түсіріледі» делінген Жылыой аудандық білім бөлімі таратқан мәліметте.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button