Озық елдің өрісі кең
«Жаһандық бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің кілті – өскелең ұрпақтың қолында. Осы орайда ғылым-білімсаласындағы ынтымақтастықты тереңдету, жастарарасындағы байланысты нығайту және жас ұрпаққа тыңмүмкіндіктер беріп, әлеуетін асыруға бағытталған ортаққұрылымдар қалыптастыру – өзекті міндет» деген едіПрезидент. Айтылған жайдың айғағындай бүгінде өңірлікуниверситеттердің шетелдік жоғары оқу орындарыменбайланысы нығайды. Осы орайда «мұнайшылардыңұстаханасы» саналатын «Сафи Өтебаев атындағы Атыраумұнай және газ университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликовамен сұхбаттасқан едік.
– Гүлзада Тәңірбергенқызы, әңгімені университеттің негізгіміндетінен бастасаңыз…
– С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінегізгі стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде білім беру, оқыту және зерттеуде интернационалдандыруды дамытуғамаңыз беріп келеді.
Қазіргі өзгермелі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясыеңбек нарығының талабына бейімделуді және оқу үдерісінеинновациялық тәсілдерді енгізуді қамтиды. Бұл жоғары білімсаласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру арқылыоқу орындарының позициясын нығайтып қана қоймай, жалпыэкономика мен қоғамның дамуына зор үлес қосатын факторболып отыр.
– Еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырузаман талабына айналды. Осы бағытта университеттіңшетелдік оқу орындарымен бірлескен жобалары бар ма?
– Сұрағыңыз орынды. Өзіңізге белгілі, Президент жетекшішетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуарқылы қазақстандық білім беру жүйесін қайта жаңғыртып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлаудыңжаңа моделін құру туралы тапсырма берген болатын. Соныңаясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газуниверситеті базасында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресеймемлекеттік мұнай және газ университетінің (Ұлттық зерттеууниверситеті) филиалы өз жұмысын жүргізуде. Уәкілеттіорганнан «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларынсалу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнаймен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» бағдарламаларына лицензия алынды. Оқыту «Қос дипломдыбілім беру» бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Филиалдың ашылуы мұнай-газ кешеніне жоғары біліктімамандарды даярлауға ғана емес, ғылыми зерттеулердітереңдетуге, сондай-ақ осы шешуші салада инновациялықтехнологияларды дамытуға ықпал етеді. Ол заманауиәдістемелер негізінде сапалы білім алуға, оқытудың жоғарыстандарттарына және практикалық оқытуға қол жеткізудіқамтамасыз етеді.
Үздік дәстүрлер мен инновацияларға негізделген білім берусаласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресейарасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, жастарүшін жаңа мүмкіндіктер жасауға негіз болатынына сенімдіміз.
– Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойыншаоқытушылар мен студенттерге қандай мүмкіндіктерқарастырылған? Алдағы жоспарлар туралы айтып өтсеңіз.
– Әлбетте, әлемнің озық университеттеріндегі технопарктерөте жоғары деңгейде дамыған және бизнес қауымдастықпенбірлесе жұмыс жасап, нақты нәтижелер алу мен ауқымдымәселелерді шешуге бағытталған. Университеттердің жанындатехнопарктер құру мәселесі тиісті министрліктің жітіназарында. Мұны барлығымыз қолдауымыз керек.
Иә, жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік байланысшетелдік университеттермен бірлескен жобаларды жүзегеасыруға, әлемдік ғылыми трендтерді меңгеру бойынша нақтыжұмыстарды қамтуға мүмкіндік береді. Атап өтсек, Атыраумұнай және газ университеті ЕвроОдақтың қолдауымен«Erasmus» жобасы негізінде тағылымдамаларға қатысады.
Румыниядағы Мұнай және газ университетімен халықаралықоқытушылар алмасу бағдарламасы қолға алынды. Қазіруниверситетте халықаралық «Болашақ» бағдарламасының 15 түлегі жұмыс істейді. Жыл сайын студенттердің академиялықұтқырлық бағдарламасы да жүзеге асырылып отыр. Студенттеріміз республикалық бюджет негізінде АҚШ, Польша және Әзербайжан елдеріндегі университеттердеоқыды. Бұл бағдарлама білімгерлердің кәсіби танымкөкжиегін кеңейтуге, еңбек нарығындағы бәсекегеқабілеттілігін арттыратын құнды халықаралық тәжірибе алуғамүмкіндік береді.
Атырау мұнай және газ университетінің студенттері жылсайын Румыниядағы «Petromidia» зауытында халықаралықтәжірибеден өтеді. Енді студенттерімізді Қытай елінеакадемиялық ұтқырлық бағдарламасымен және жазғымектепке тағылымдамаға жіберуді жоспарлап отырмыз. Жуырда университет базасында қытайлық Цзиншиинститутының филиалы ашылды. Екіжақтыынтымақтастықтың нәтижесінде атыраулық студенттерхалықаралық білім бағдарламасын меңгеріп, қытайлықжетекші университеттің профессорларынан дәріс алады.
Осындай жобалар студенттердің soft skills дағдысын дамытуғабаса назар аударады, бұл халықаралық ортада жұмыс істеудіңмаңызды аспектісі. Біз мамандарды ғана емес, Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де энергетика саласының дамуына елеуліүлес қоса алатын нағыз көшбасшыларды даярлауды бастымақсатымыз деп санаймыз.
Цифрлық технологиялар мен инновациялардың қарқындыдамуы еңбек нарығының құрылымын түбегейлі өзгертуде. Жасыл экономика, цифрлық индустрия, биотехнология секілдібасқа да маңызды салалардағы өзгерістер еліміздің тұрақтыдамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Атырау мұнай жәнегаз университеті де осы үрдістен тыс қалмай, білім берубағдарламаларының мазмұнын жаңартуға үнемі назараударады. Алдағы оқу жылында «Өнеркәсіптік дизайн», «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламаларын ашудыжоспарлап отырмыз.
– Жоспарларыңыз жүзеге ассын дейміз!
Сұхбаттасқан Майра ЕРҒАЛИ