Оқу-ағарту министрі мұғалімдермен бірге бөгет соқты
Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген республика Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Еркінқала-2 мекенжайында жағалау бекіту жұмыстарымен айналысып жатқан педагогтармен бірге болып, қаптарға топырақ толтыруда.
–Атыраулық ұстаздар өз еріктерімен сабақтан тыс уақытта бөгет салу жұмыстарына атсалысуға ниет білдіргендерін естіп, осы аймаққа сапарымды жоспарладым. Басты мақсатым – ұстаздарды қолдау. Министрліктің әрқашан мұғалімдермен бірге екендігін көрсету. Педагогтармен бірге осындай шақта қолға күрек алып, қапқа топырақ салудамын. Әр педагог күніне 60 қапқа дейін толтырады екен. Мен де бірнеше сағат осы жерде болып, кемінде осынша қапты толтырып, бөгетті биіктетуге өз үлесімді қосамын, — деді министр.
Айта кетейік, қазіргі кезде тасқын суды алдын алу жұмыстарына 26 мың білім саласының қызметкері жұмылдырылып отыр.
Мәлике МӘЛІК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ
Еліміздегі бас ұстазымыз ел үшін, жер үшін өз үлесін қосқаны қандай тамаша. Деніңіз сау боосын!
Бас ұстазымыз ел үшін, жер үшін өз үлесін қосқаны қандай тамаша. Деніңіз сау боосын!
Қиындықты бірге жеңеміз
Еліміз аман болсын