Жарнама
Білім

Менің өмірімді өзгерткен  кітап

Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқығаннан кейінгі ой…

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті апталығының аясында белгілі қазақ жазушысы, сыншы,драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына орай «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе жазу жарысы өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақ буынына жазушының әңгіме, романдары  арқылы тәлім-тәрбие беріп, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қоғамда аналардың орны зор құрметке ие екендігіне көз жеткізу.   Телефонға телмірген жастарды кітап  оқуға баулу.

Кітап — адам жанының бөлшегі, ел азығы, сөз сандығы. Ол — рухани байлықты сонымен қатар білімді ұштастыра отырып, қолданысқа ие болған ата — баба аманаты. Әрбір саналы адамның негізгі құндылығы. Кімнің де болмасын шынайы құлшыныс, қызығушылықпен тамсана, таныса оқыған кітабы болады.  Жарысқа қатынасқан  Филология бөлімінің бірінші курс студенттері жазушының еңбектерімен толықтай танысқандарын аңғартты.  Түйгендерін қағаз бетіне түсірді. Терең білімі мен прозалық әдеби жанр жазуда өзінің ойы мен логикасын сауатты жеткізе отырып, эссе талаптарын сақтап жазған  Әбуғали Мәдина, Кенжебай Айкөркем, Боранбайқызы Ақниет, Амантай Шұғыла сынды үздік эссе иегерлері дипломдармен марапатталды.

Маржан Ақтәжиева,

қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, филология магистрі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button