Жарнама
Білім

Мемлекеттік білім беру грантына құжаттар қабылданып жатыр

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіровтің айтуынша, биыл халық тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған аймақтағы талапкерлер үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 5000 нысаналы грант бөлген. Соның ішінде Атырау облысынан еліміздің өзге аймағындағы университеттерден педагогика, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы мамандықтар бойынша 1 500 грант бөлініпті.

  • Бүгін құжат қабылдаудың бесінші күні. 2000-ға жуық талапкер білім гранты конкурсына қатысуға өтініш білдірді. Қабылдау комиссиясы талапкерлерге кеңес беріп, түскі үзіліссіз, демалыссыз қарқынды түрде жұмыс жасауда. Биыл еліміздің кей өңірлеріндегі төтенше жағдайға байланысты бөлінген гранттың 20 пайызы Атырау облысына тиесілі. Бұл өңірдің талапкерлері үшін үлкен мүмкіндік,- деді А.Шүкіров.

Атырауға еліміздің Астана, Алматы сынды ірі қалары мен өзге облыс орталықтарындағы жоғары оқу орындарының өкілдері де арнайы келіп, талапкерлерге арнап грант бөлінген мамандықтар жайлы ақпарат беріп отыр. М.Дулати атындағы Тараз университетінің өкілдері жаңадан ашылған су шаруашылығы саласындағы жаңа мамандықтардың болашағы жарқын екендігін айтады.

img 0389
  • Көктемде болған төтенше жағдай елімізде гидрологтардың жетіспейтін көрсетті. Осы ретте, Президент тапсырмасымен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылып, 210 грант бөлінді. Бұдан бөлек оқу орны жанынан Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылып, онда 30 мақсатты грант бөлінді,- деді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Маркетинг және кәсіптік бағдар» басқармасының басшысы Қанат Райқұлов.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу 24 шілдеге дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button