Жарнама
Білім

Мектептің мерейі, оқушының болашағы – ҰСТАЗДЫҢ ҚОЛЫНДА

БАЛА ЖАНЫНА НҰР СЕУІП, САНАСЫНА СӘУЛЕ ШАШАТЫН ҰСТАЗҒА ҚАШАН ДА ҚҰРМЕТ ЕРЕКШЕ. БІЛІМ НӘРІН ҒАНА ЕМЕС, ТӘЛІМІН ДЕ БЕРЕТІН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЫН МӘНІНДЕ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ РОЛІ ЗОР. СОНДЫҚТАН, САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН БАЛА ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БЕДЕЛІ ЕШҚАШАН АЛАСАРМАСЫ АНЫҚ. БІЗДІҢ ОБЛЫСТА ОСЫНАУ ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ САНЫ 12 МЫҢНАН АССА, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ МҰҒАЛІМДЕР 500, БІРІНШІ САНАТТАҒЫЛАР 800-ГЕ ЖУЫҚТАЙДЫ. БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН БІЛІММЕН СУСЫНДАҒАН БАЛА ҒАНА БОЛАШАҚТА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН БОЛА АЛАДЫ. ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ГҮЛНӘР САДУАҚАСОВАМЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ, ЖАЛПЫ САЛАДАҒЫ ЖАҢА БАСТАМАЛАР ЖӨНІНДЕ СҰХБАТТАСҚАН БОЛАТЫНБЫЗ.

– Гүлнәр Манапқызы, алдымен жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз. Облыстың бас ұстазы болу үлкен мәртебемен қатар, зор жауапкершілік жүктейтіні белгілі. Алдыңызға қойған басты мақсат қандай?

– Рахмет, тілегіңізге! Біздің басты мақсатымыз – облыстың білім сапасын көтеру болып табылады. Ең алдымен мені «біздің облыс оқу көрсеткіштері бойынша неліктен соңғы орында?» деген ой мазалайды. Сол үшін де жүйелі түрде еңбектеніп, алдымызға қойған мақсатты орындау бағытында жұмыстанатын бо- ламыз. «Маған жақсы мұғалім бəрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин айтқандай, мектептің мерейі мен баланың болашағы – мұғалімнің қолында. Сондықтан, мəселені ұстаздар біліктілігін арттырудан бастау қажет деп санаймын.

– Айтуыңыз орынды. «Білімнің сапасы, онда істейтін мұғалімдердің сапасынан жоғары бола алмайды» деп британ педагогі Майкл Барбер айтпақшы, сапалы білім беру қызметінде мұғалімнің кәсіптік деңгейі маңызды. Сіздің ойыңызша, бүгінгі ұстаз қандай болуы керек?

– Ұстаз – өскелең ұрпақ бойына са- палы білім мен саналы тəрбиені сіңіріп, ұлтымыздың болашағын тəрбиелейтін тұлға. Сондықтан, олар қай кезде де қолдауға зəру. Бүгінгі мұғалімнің үнемі оқу, білу, даму үстінде болуы маңызды. Мұғалімдердің заман ағымына, уақыт сұранысына сай жан-жақты болуы үшін олардың біліктілігін арттыру мақсатында Үкімет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп келеді.

Бүгінде қоғам соншалықты тез өзгеруде. Ендеше, педагог та нарыққа, өндірістік қажеттіліктерге, елдің сұранысына төтеп беретіндей білікті, білімді, сауатты, ізденімпаз, парасатты болуы керек. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген, əмбебап ұстаз ғана сапалы білім бере алады.

Уақыт өткен сайын мұғалім жауапкершілігімен қатар беделі де артып келеді. Оның ішінде мұғалім мəртебесін айқындаған арнайы заң ұстаздардың алаңсыз білім беруіне жол ашып отыр. «Педагог мəртебесі» туралы заң аясында мұғалімдерге қатысты бірқатар мəселе шешімін табуда. Атап айтқанда, заңда үстемеақы, қосымша ақы, коммуналдық шығындарын төлеу, пəтер жалдау, тағысын тағы ұстаздардың деңгейіне бай- ланысты əлеуметтік кепілдіктер берілген. Бұрын біліктілік тест тапсыру арқылы санаттарға бөлінсе, қазіргі таңда шебер, зерттеуші, модератор деп бөлінеді. Яғни, мұғалімнің деңгейі көтерілген сайын оған үстемеақы (30-50 пайыз) төленеді. Заң мұғалімге жан-жақты қамқорлықтан бөлек, оларды қағазбастылық секілді басқа да ұстаз қызметіне қажеттілігі аз жұмыстардан алшақтатты. Сондықтан, бүгінгі мұғалімдердің біліктілігін арт- тырып, сапалы білім беруіне мүмкіндігі мол.

– Әр адамның өмірінде ұстаздың орны ерекше. Дегенмен, бүгінгі білім беру жүйесін өткенмен салыстыра алмаймыз. Заман ағымына ілесу үшін ұстазға қойылар талап та өзгерді. Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруда нендей жұмыстар атқарылуда?

– Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаудың нəтижесінде мұғалімдердің барлығы тегін негізде біліктіліктерін арттыра алады. Бұрын курстан өтіп ғана қоятын болса, қазіргі таңда курстық сүймелдеу көмегі көрсетіледі. Курстан өтушіге бір жыл бойы кері байланыс арқылы бағыт-бағдар беріледі.

Аймақ басшылығының тапсырмасымен əзірленген «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша өңірдің 5000-ға жуық мұғалімі кəсіби құзыреттілікті арттыру курстарынан өтсе, 4000-ға жуық педагог цифрлық сауаттылық курстарында білімдерін жетілдіріп отыр. Жол картасы аясында облыстың барлық ұстазы қажеттілікке бағдарланған біліктілік арттыру курста- рымен қамтылды.

– Оқушы үшін ұстаз – тұлға. Оның ұстанымын қалыптастыратын үлгі. Ендеше, оқушы ұстазын құрмет тұтып, сыйластықпен қарауы үшін мұғалімнің оқушыға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы қандай болуы керек?

– «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тəрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Ұстаздың алдына мың сан шəкірт келеді. Əр шəкірттің өзіндік түрлі ерекшеліктері, сан-алуан мінезі, түрлі қылықтары болады. Мəселен, бірі жай сөзбен айтқанға түсінсе, біріне ақылмен айтып, қалыптасқан мінез-құлқына қарай амал табу керек. Сондықтан, шəкірт жүрегіне жол табу оңай іс емес.

Жалпы, ұстаз деген атқа лайықты адам болса, ол жан-жақты, яғни ба- ламен тіл табысып та біледі жəне өз бойындағы даралықты, үлкен адами қасиеттерді сол баланың бойына сіңіре де біледі. Мектепте əр сабаққа берілген сағат уақыты аздық етсе де мұғалім əр баланың ерекшеліктеріне қарай жекелеп жұмыс жасауға, қабілеті төмен баланы қатарға қосуға əрекеттенуі керек. Барлық мұғалім ұстаз атына лайықты болуы тиіс. Шебер мұғалім жеке-жеке əрекет етіп, тұңғиықта тұнып жатқан жақсы қасиеттерді анықтап дамытады, кемшіліктерді жоя алады. Бұл да үлкен өнер.

– Бүгінде өңірдегі үш ауысымды мектептермен қатар, орыс тілді маман тапшылығы да туындап отыр. Білім ошақтарын білікті кадрлармен қамту ісі қаншалықты жүргізілуде? Жалпы, педагог мамандарға деген қоғамның сұранысы қандай?

– Өңірде үш ауысымды білім берудің басты себебінің бірі орыс тілді мамандар тапшылығынан туындап отырғаны рас. Өйткені, баласын ресми тілде оқытқысы келетін ата-ананың қатары көп.

Кадр тапшылығы мəселесін шешуде соңғы 5 жылда қажетті маманды даярлауға Атырау облысы əкімінің 566 нысаналы гранты бөлінді. Педагог мамандықтары бойынша 504 студент (2017 жылы – 168, 2018 жылы – 158, 2019 жылы – 47, 2020 жылы – 43, 2021 жылы – 88) білім беру грантымен оқытылып, биыл 2017 жылғы грант иегерлері оқуын бітіріп, мектептер- ге орналасты. Бұл мамандардың басым көпшілігі орыс сыныптарының мұғалімдері болып табылады. Демографиялық ахуал,мектептер санының жылдан жылға ар- туына байланысты педагог мамандарға сұраныс та жоғары. Атап айтсақ, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен əдебиеті пəні, орыс сыныптарындағы физика, био- логия, химия пəндері мұғалімдері қажет. Дегенмен, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен «Педагог мəртебесі» туралы білім саласына жастардың қызығушылығы артып отыр.

– Аймақтағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім- инновация» лицейі секілді алдыңғы қатарлы білім ұяларының орта мектептерден айырмашылығы көп. Ол оқушылардың жетістігінен-ақ байқалады. Ал, жай мектептерді аталған білім беру ұйымдарымен теңестіру, яғни дамыту бағытында қолға алынған нақты жұмыстарды атап өтсеңіз?

– Əрине, жұмыстар бар. Бұл жерде айта кету керек, жалпы білім беретін орта мектептерге барлық бала бара ала- ды. Ал, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Білім-инновациялық» лицейі мен гимназиялардың қарапайым мектептер- ден айырмашылығы ол жерге оқушылар іріктеліп, ең мықтылары барады. Бұл оқушының тест, бірнеше деңгейде ем- тихандар тапсыруы арқылы анықталады.

Əрине, жай мектепте көп баланы оқытқаннан, іріктелген санаулы бала- ны оқытудың айырмашылығы бола- ды. Бірақ, біз сол деңгейге жету үшін жұмыстанудамыз. Бүгінге дейін орта мектептердің деңгейін көтеріп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін білім беру басқармасы тарапынан арнайы жол картасы жасақталып, 50 мектеп зерттелді. Бұл білім ошақтарының не себепті сапасы төмендігі туралы нақты са- раптама жасалып, олқылықтардың орнын толтыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

– Келе жатқан кәсіби мерекеңізбен! Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button