«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – АТЫРАУДА!
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.
«Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы бойынша жедел желілер жұмыс жасап тұр», деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
«Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 20 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі. Облыста жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде. Қайырымдылық іс-шарасы көп балалы және аз қамтылған, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалар алады. Облыс бойынша білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады», деді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.
Айта кетелік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін ата-аналар білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.