«Мектепке жол» акциясы аясында 15 тамызға дейін 15 мыңға жуық бала қаржылай көмек алады

9f656944 92ee 4fb7 a433 211284746fde Білім

Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 14 790 баланың әрқайсына киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 40 567 теңге бөлінді. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр облыстағы әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларының балалары мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес санаттағы отбасының балаларына көмек көрсетіледі. Ал Атырау облысында көмекке мұқтаж 14 790 бала бар.

-Үкімет тарапынан қаржылай көмекті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер және төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін жандар алады, – деді Е.Сламбеков.

slambekov

Баспасөз брифингі барысында Білім беру басқармасының басшы орынбасары Орынтай Биманова қаражат мақсатты жұмсалу керектігін айтты.

-Қазіргі уақытта көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға мектепке қажет заттарды алып беру үшін меценаттар мен кәсіпкерлерге акцияға қатысу жөнінде өтініш жіберіп жатырмыз. Сондай-ақ, ата-аналардан балалардың мектеп формасы мен кеңсе құралдарына арнайы бөлінген қаражатты мақсатты жұмсауды сұраймын,-деді О.Биманова.

Айта кетейік, енді мектеп формасы мен кеңсе тауарларын ата-аналар өздері таңдап алады. Себебі мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат ата-аналардың есеп шоттарына аударылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз