АТЫРАУЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

whatsapp image 2021 11 05 at 14.03.39 Білім

Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі «Дарын» РҒПО өткізуімен 2-4 қараша аралығында Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының №46 орта мектеп базасында өтті.

Республикамыздың әр облысынан қатысқан жас мамандардың жұмыстарын қорғау кезі You Tube каналында тікелей эфирден көрсетілді.

Үш күнге созылған олимпиаданың қорытынды нәтижесі бойынша облысымыздың атынан қытысып бақ сынаған 6 жас маманның төртеуі жүлделі орындарды иемденді.

1-орынды Тлеубаев Ришат алды. Ришат – Атырау облыстық «Білім – Инновация» лицей-интернатының педагог-психолог маманы.

smi1 1
whatsapp image 2021 11 05 at 14.03.39 1

3-орынды Атырау қаласы IT лицейінің математика пәні мұғалімі Еркинова Акерке, Қызылқоға ауданы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі және педагог-ұйымдастырушы Абыз Жұлдыз және Атырау қаласы №17 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жұмабаева Ақсұңқарлар алды. Ал Рамазанова Айдана мен Алмазқызы Жаңылсынға грамота және сертификат табысталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз