Жарнама
Білім

Мектеп директорының туыстары жұмыс жасамаса да, жалақы алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Ерлан Досанов білім беру саласында жемқорлық деректерінің де азаймай тұрғанын айтады.

Мәселен, 2018 жылы Мақат аудандық білім беру бөлімінің бір мектебінің директоры өзінің және орынбасары мен бас есепшісінің туыстарын қызметке қабылдаған. Бірақ олар жұмыс жасамаса да, жалақы алып отырған.

Сондай-ақ, қала мектептерінің бірі 5 млн теңгеге бір данасы 50 теңгеден 100 мың стақан (бір реттік) сатып алу туралы хабарландыру жариялаған екен. Ал, оның шынайы бағасы – 3,5 теңге. Яғни, аталған мекеме тауар бағасын жасанды түрде 4 млн 650 мың теңгеге көтеріп сатып алмақ болған.

Айта кетейік, бүгін Атырауда облыстық тамыз мәслихаты өтті.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button