Жарнама
Білім

Мектеп басшылары шетелдік тағылымдамадан өтуде

Биыл 4 қарашада басталған “Атырау жаңа мектебі” жобасының аясында өңірдің 50 мектебінің басқарушылық командалары үшін бірегей кәсіби қайта даярлау бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда.

30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында «Шекарасыз білім беру» Халықаралық тағылымдамасы: Эстония мен Финляндияның тәжірибесі тақырыбындағы 2-модуль аясында Атырау облысының бағдарламаға қатысушы 50 мектеп басшысы Эстонияның Таллин, Финляндияның Хельсенки қалаларында шетелдік тағлымдамадан өтуде — деп хабарлайды білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

c8a07dd1 7392 4b59 bf5a bcaf3d4c18b5

Тағлымдама барысында PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдер Эстония мен Финляндияның білім беру жүйесімен танысады. Тағлымдаманың мақсаты қатысушылар екі елдегі үздік деп танылған 11 білім беру ұйымдарында болып, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, оқытуды басқару жүйесі, педагогтердің кәсіби даярлығы, адами ресурстарды басқару, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқуға тарту мәселелерін мектеп директорлардың шеберлік сағаттарында бірлесе талқылайды.

Тағлымдама бағдарламасында Эстония мен Финляндияның PISA халықаралық зерттеуінде табысқа жеткізген білім берудегі негізгі тенденциялары, Эстонияның мектепке дейінгі, негізгі және гимназиялық білім беру жүйесі. Білім беру стратегиясы 2030, негізгі тенденциялар мен басымдықтар. Даму бағдарламасы тақырыптары қамтылады.

Қалыптастырушы бағалау оқушының мотивациясы мен жетістігін арттырудың жеке тәсілі және құралы ретінде.
Сонымен бірге тағлымдамадан өтетін 50 мектеп басшысы мектептегі зерттеу және шығармашылық жұмыстар, мектепте зерттеу жұмыстарын дайындау және жүргізу тәртібі мен халықаралық жобалармен танысады.

Жұмыс барысында жоғары, гимназиялық және негізгі білім беру мекемелерінің, басшылардың, практик-мұғалімдердің, инноваторлардың практикалық жұмыс тәжірибесі; шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар, сонымен бірге талқылаудың өзге де нысандары ұсынылады.

Мектептен тыс оқыту: табиғаттағы кіріктірілген сабақтар және мобильді оқыту, мектепте ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалармен танысып, мектеп директорлары шағын топтарда жұмыс жасап, өз мектептеріне енгізетін идеялардан жобалар әзірлейді, таныстырылым жасайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button