Жарнама
Білім

Марапат мерейді өсірді

Мемлекет басшысының «Адал еңбек – адал азамат» атты идеясын қоғамда кеңінен насихаттап, еңбек адамдарының өнегелі істерін дәріптеу,
өзгелерге үлгі ету, оларға лайықты құрмет көрсету мақсатындағы игілікті
істер мен игілікті қадамдар уақыт алға озған сайын жаңаша сипат пен өзгеше
мазмұнға ие болуда.


Осылайша, биыл елімізде тұңғыш рет мұғалімдердің, тұтастай халық ағарту
саласы қызметкерлерінің мәртебесін биіктетіп, мерейін өсірген мемлекеттік
марапат тағайындалды. Тиісінше, ол білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктеріне
орай белгіленген «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы еді. Ел
бойынша, бұл биік марапатқа республика көлемінде оннан астам педагог ие болып
отыр.
Солардың қатарында өзім де бармын. Айта кету керек, мен үшін ерекше бір
қуанышты есте қалар сәт мұндай жоғары марапаттың кәсіби мерекеміздің
қарсаңында келуі де айырықша қуанышты оқиға, қайталанбас сәт ретінде
қабылдаймын. Сондай-ақ мұндай құрметті атақтың иегері атануымды бір маған ғана
емес, бүкіл әріптестеріме көрсетілген жоғары құрмет, баға жетпес марапат санаймын.

Нұрлыбек ДАУМОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button