Жарнама
Білім

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Атырау қаласындағы Еркінқала орта мектебінің 3-сыныбында оқитын кішкентай жеңімпаз конкурсқа күй номинациясы бойынша қатысып, «Тойбастар», «Ақсиса» күйлерін орындаған. Ол – мектептегі оқу озаттарының бірі, «Жас қыран» ұйымының мүшесі. Бұған дейін шахмат, тоғызқұмалақ, сурет үйірмелеріне қатысып, мектепішілік, қалалық, облыстық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.
Бүгінде мектеп жанындағы саз мектебінің 2-сыныбында дәріс алып жүр. Домбыраға баулып жүрген ұстазы Шолпан Машанова Рахманның қазірден-ақ өнерге құлшынысы биік екенін, қазақтың қара домбырасында ән әуелетіп, күй төккенді сүйікті ісіне айналдырып келе жатқанын мақтан тұтады.
«Саз мектебінде дәріс алғанына екі-ақ жыл болғанымен, ол домбыра ойнаудың қыр-сырын тез меңгеріп келеді. Алдағы уақытта бұдан да биік жетістікке жетіп, қазақ өнерін жаңғыртады деп сенеміз» дейді ұстазы Ш.Машанова. Немересінің қуанышын бөлісіп, оны редакцияға жетектей келген әжесі Ғалияның да одан күтер үміті мол.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button