Жарнама
Білім

Махамбеттік оқушының ғылыми жобасы республикалық кезеңге жолдама алды

Облыстық Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде Махамбет ауданының 10-сынып оқушысы Дильназ Шораеваның ғылыми жобасы жоғары бағаланып, республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Біліммен қоса ақыл-ойдың ұшқырлығы сыналатын ғылыми жобалар сайысына қатысқан Дильназ Шонаева Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі, педагог-зеттеуші Фариза Жұмабаева.

— Дильназ бұл сайыста «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағытының «Математика» секциясы бойынша сынға түсті. Мұнда ол «Махамбет ауданы – мәтінді есептерде» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады. Ол бұл жұмысын 9-сыныпта бастаған. Жобада Махамбет ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы, халқының саны, экономикалық әлеуеті, көрікті табиғаты мен байлығын мәтіндік есептер арқылы көрсеткен. Өзі туған өлкенің тарихын, баға жетпес құндылықтарын сандармен сөйлеткен Дильназ жобасын аймақ ғажайыптарын танып-білуге құмар оқушыларға насихаттау мақсатында жасақтады, деді Ф.Жұмабаева.

Д.Шораеваның айтуынша, зерттеу жұмысының нысаны ретінде ауданның тарихы, аумағы, географиясы және өзге де мәліметтерді басшылыққа алған. Әр жобаны дайындаған кезде оның ұтымды тұсы болуы қажеттігін ескеріп, жобаның жаңашылдығы ретінде Махамбет ауданы туралы ақпараттарды жан-жақты жинақтап, сол бойынша есептер жинағын құрастырған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button