Мақсат – қоғамдық сананы өзгерту

Ruhani azyina Білім

Рухани қазына

Білім cаласындағы стартап жобалар

−   Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «English only spice» шет тілдерін оқыту орталығы іске қосылды. Жастардың кәсіпкерлік мәдениеті мен стартап жобаларына қолдау көрсету мақсатында қазіргі таңда Ispace Coworking and Business Incubator жұмыс істеуде.

−  Тағы бір тың жаңалық – өңірдің жоғарғы оқу орындарында «Өлкетану» жас тарихшылар клубы  жұмысын бастауы.

−  Қазіргі таңда Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу және кеңес беру үшін Инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істеуде. Жаңа нысан балалар мен олардың ата-аналарына арналған оқу-әдістемелік шараларды ұйымдастырады.

Туған жерге туың тік!

− «Атамекен» кіші бағдар-ламасының мақсаты  – туған жердің дамуына азаматтардың үлесін қосу. «Атамекен» аясында 43 жоба жүзеге асты. Жобалардың басым көпшілігі қала, аудан, ауыл аймақ көлемінде бой көтеріп жатқан саябақ, балабақша, мектеп, спорт  кешені, балалар алаңдарының құрылысы болып отыр.

− Атап өтер болсақ, демеушілердің қолдауымен Атырау, Құлсары қалаларында үш балабақша, Махамбет ауданына қарасты Береке селосында 250 орындық бір мектеп тұрғызылды.

−  Индер, Махамбет аудандарында екі ескерткіш, Атырау қаласында және  Махамбет ауданына қарасты Береке селосында екі мәдениет үйі, Мақат ауданының орталығы Мақат поселкесінде бір саябақ бой көтерді.

−  Әлеуметтік нысандардың қатарында,  демеушілер көмегімен Атырау қаласы және Мақат ауданында салынған екі тұрғын үй, облыс орталығында тұрғызылған  студенттер жатақханасы, Қызылқоға, Исатай аудандарында пайдалануға берілген екі бірдей аллея, бір спорт кешені және тарихтың куәсіндей болып  орнатылған ескерткіш тақта бар.

Рухани қазына – ұрпақ тәрбиесінде

− «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша аймақта 31 жоба жүзеге асты. Бұл бағыт облыстағы 16 музейдің материалды-техникалық жағдайын жақсарту, заманауи технологияларды белсенді енгізу жұмыстарына жол ашты.  Басты жаңалық – аудиогид және музей құнды жәдігерлерін электронды тіркеуге арналған АС бағдарламасы қондырылуы.

− «Нұр Отан» партиясы барлық аудандардағы орталық кітапханалар мен Атырау қаласында №2 орта мектеп, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі жанынан коворкинг орталықтар ашты. Олар интернет желісіне қосылып, материалдық-техникалық жағдайы жақсартылған.

−   Мәдени-туристік кластерді дамыту мақсатында – «Атырау-Жылыой-Атырау», «Атырау-Исатай-Құрманғазы – Алтынжар-Атырау», «Атырау – Махамбет-Индер-Атырау» бағыттарында туристік маршрут жасақталды.

Атап өтерлігі

«XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы фото-құжаттардағы «Каспий қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы» атты кітап-альбомы басылып шықты. Еңбекте ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Ресей Федерациясының Ғылыми мұрағат академиясының Санкт-Петербург филиалында Каспий қазақтары  этнографиясына қатысты 200-ден астам бірегей мұрағаттық фотоматериалдар алынып жарияланған;

«Атырау қазақтарының эпиграфиялық ескерткіштері» кітап-альбомының екінші томы басып шығарылды. Кітапта Ақмешіт, Алтын, Дәрі және Ұшқан ата қорымдарындағы арабша жазулардың мәтіндері аударылған;

 

Туған жерінің көркеюіне үлес қосып жүрген атыраулық бизнес қауымдастықтың саны – 7, меценаттар саны – 83.

 

−  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018-2022 жылдары Атырау облысында 220 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр;

−  Жалпы құны – 20,4 млрд. теңге;

– «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы – 79 жоба (103,7 млн. теңге);

– «Рухани қазына» кіші бағдарламасы – 65 жоба (805,8 млн.  теңге);

– «Атамекен» кіші бағдарламасы – 76 жоба (19,5 млрд.  теңге).

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз