Жарнама
Білім

«КӨШПЕНДІЛЕР» – КӨШЕЛІ КІТАП

 

Конференцияның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстыру.  ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру. Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтын ұлықтау қасиетін, гуманистік моральды санаға сіңіру.

Кітапханашылар трилогияның мазмұнына тоқталып, «Ұлт береке-бірлігінің жаршысы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.  Тарих ғылымдарының кандидаты Қабибек Сәдірұлы оқушыларға көп мәлімет берді.

Қорытынды сөз сөйлеген облыстық балалар кітапханасының басшысы Сара Ізмұхамбетова кітапты насихаттау шарасына қатысқан мұғалімдер мен оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Гүлзада  НИЕТҚАЛИЕВА.

 

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button