Көп тіл білу – өмір талабы
Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі — тілді дамыту. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің үш тілді еркін меңгеруге деген қызығушылығын ынталандыру жүйелі түрде қолға алынған.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлеріне Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ағылшын тілінің әдіскері және оқытушысы Зоя Мәменова төрт айлық мерзімде «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» курсын жүргізуде. Қазіргі таңда басқарма ұжымының қызметкерлері ағылшын тілін жақсы меңгеріп келеді. Бұған дәлел – үш тілді меңгеруге орай өткізілген сайыстың нәтижесі. Жуырда Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында «Тілдердің үш тұғырлылығы – болашақтың бастауы» атты жарыс өткізілді. Бұл сайысқа аталған басқармасының отын-энергетика кешені бөлімінің бас мамандары қатысып, І орынды Ләззат Дүйсебаева, ІІ орынды Анар Ахметова жеңіп алды. Сайыста үш тілді қолдану аясында қазақтың әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлері айтылып, тақырыпты ашу деңгейіне орай бағаланды.
Б.ЖҰМАҚҰЛОВА,
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
отын — энергетика кешенінің бөлім басшысы.