Жарнама
Білім

ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА…

Міне, біздің Гүлайна осы сөзімізді дәлелдеп берді. Биылғы жылы алғаш рет өткізіліп отырған өзін-өзі тану пәнінен оқушылар арасындағы аудандық және облыстық олимпиадаларда мектебіміздің, ауданымыздың намысын қорғап, атағын асқақтатқан Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Гүлайна Сұңғатова республикалық олимпиадаға жолдама алған еді. Ол ұстаздарының ғана емес, аудан мен облыстың өзіне артқан сенімін ақтау мақсатында олимпиаданың республикалық кезеңіне де асқан дайындықпен қатысып, өзінің жан-жақты қабілетін таныта білді және бұл сайыс қорытындысы да нәтижесіз болған жоқ. Талантты оқушы республикада да облысымыздың абыройын асқақтатып, жүлделі 1 орынмен оралды.

Әрине, оқушының мұндай биікті бағындыруы өз бойындағы білімі мен қабілеті десек, шәкірттің талабы мен қабілетін ұштап, оның қиялына қанат бітіретін ұстаз еңбегін де айтпай кетуге болмайды. Бұл тұрғыда мектептегі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Назгүл Мырзажанова мен сынып жетекшісі Гүлбаршын Құсайынованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшат Жарылғасованың еңбектері шексіз деп білеміз. Ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеңісі арқылы көрінеді. Бұл ретте ұстаздарға еңбектеріңіз жана берсін, шәкірттеріңіздің алар асулары көп болсын, ал, мектебіміздің атын республикаға танытқан мақтанышымыз Гүлайнаға бағындырар белестерің мол болсын деп тілек тілейміз.

Гүлмира Қайырғалиева, Ю. Гагарин атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Исатай ауданы, Зинеден ауылы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button