![Инклюзивті білім беру мәселелері басты назарда болады 1 img 20240531 wa0005](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240531-wa0005.jpg)
Білім
Инклюзивті білім беру мәселелері басты назарда болады
Атырауда облыстық білім беру басқармасы жанынан инклюзивті және арнайы білім беру мәселелеріне арналған үйлестіру кеңесі құрылды.
![Инклюзивті білім беру мәселелері басты назарда болады 2 img 20240531 wa0004](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240531-wa0004-1024x575.jpg)
Үйлестіру кеңесінің құрамында облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, қоғамдық ұйымдардың басшылары,
үкіметтік емес ұйым мүшелері, педагогтердің біліктілігін арттыру орталықтарының директорлары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар қауымдастығының мүшелері бар.
-Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында жұмыс ережесі мен жоспары, құрамы бекітілді. Кеңес жұмысы білім беру мекемелерінде инклюзивті мәдениетті дамыту, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мәселелерді шешу, балаларға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған, — дейді аталған басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА