Жарнама
Білім

Индустриалды мектеп не береді?

Студенттерге арналған Қазақстандағы алғашқы Summer Industrial School — жазғы индустриалды мектептің екінші маусымы аяқталды. UTEBAYEV UNIVERSITY өндірістік серіктестерімен бірлесіп жүзеге асырған жобаға Ресей Федерациясы Астрахан қаласынан және еліміздің Алматы, Астана, Орал, Атырау қалаларынан 30-ға жуық студент жиналды.

e49ee95d 20ff 4dba 8527 b2291ffe7aa0

Геология, мұнай және газ, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, химия техникасы және өндірісті автоматтандыру бағыттары бойынша студенттерге арналған үш апталық жазғы мектеп қатысушылары 16 өндірістік компанияға барды, екі зауыт пен екі мұнай кен орнын аралап, тағылымдамадан өтті.

  • Мен Қазақ-Британ техникалық университетінің студентімін. Атырау мұнай және газ университетінде “Summer industrial school” аясында облыстағы мұнай өндіруші компанияларды, зауыттарды араладық. Сондай-ақ университет ішінде әр түрлі тағылымдамалардан өттік. Мысалы, жұмысқа орналасар алдында қалай дұрыс резюме жазу керек, сұхбаттасудан сәтті өту керек деген сұрақтарға жауап алдық. Маған жазғы мектептің бағдарламасы мен ұйымдастырылуы өте ұнады, — дейді Summer Industrial School қатысушысы Назерке Кашимова.

Жазғы индустриалды мектеп қатысушылары 3 апта бойы UTEBAYEV UNIVERSITY жатақханасына орналасып, уақыттарын тиімді пайлаланды. Студенттер үшін демалыс күндері спортакиадалар, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button