Жарнама
Білім

Индер ауданында этнолагерь ашылды

Атырау облысы Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің жанынан ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлы дала ұрпақтары» атты этнолагерь ашылды.

Лагерь төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды. «Ұлы мұра — ұлттық қолөнер» бағытында халқымыздың қолөнерін дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау көзделген. Бұл бағыт бойынша балаларға ши тоқу, киіз басу өнерінен шеберлік сағаттары өткізіледі.

Ал «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» бағытында ұлттық ойындар тарихы, олардың ережесі, «Ұлттық құндылықтар ұрпаққа аманат» бағыты бойынша жалпы ұлттық аспаптар таныстырылады. «Ұлы дала дүниетанымы» бағытында ұлттық тағамдарды дайындаудан шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА, облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button