Жарнама
Білім

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер…

Елімізде жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтеру қажет. Онсыз ғылым саласы ешқашан өркендемейді. Алға қойылған осы мақсат-міндеттің негізінде республикада алғаш рет отандық ғылымда жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі құрылып, төраға, Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымдары енгізілді. 

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

–Аталған академияда Жас ғалымдар кеңесін құру – жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі. Сондықтан осы жүйенің жұмысын жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқаратын болады, оның мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, елдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан ғалымдар енді, — деді ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев. 

0eb96600 1ba3 45ce 8999 3899f4e7e80d

Айта кету керек, Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, әр аймақта өкілдіктері болады. Жаңа құрылымның құрамына Атыраудағы жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдардың барлығы кіргізіледі.

Бұл жүйенің басты мақсаты – елдегі жас ғалымдарды қолдап, мәртебесін көтеру. Сол арқылы ғылымды басқару саласындағы олқылықтар түбегейлі жойылып, тәуелсіз ұсыныстарын беретін автономды, беделді, сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу қажет.

–Біз аталған кеңес елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйым болғанын қалаймыз. Әр өңірдегі жас ғалымдардың жаңашыл идеялары, тың ұсыныстары қалыс қалмауы керек. Өйткені бүгінде отандық ғылым дамымай елдің өркендеуі мүмкін емес. Ал қазір республиканың әр түкпірінде жаңаша ойы бар, ғылыми жаңалық ашуға ұмтылған жастар емес. Мұндай таланттар бір арнаға тоғысып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс, — деп атап өтті Басқарма Президенті.

Президиум мүшелерінің ашық дауысқа салуымен, бір ауыздан Ұлттық биотехнология орталығы, «Адам генетикасы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, Ph.D, қауымдастырылған профессор Мақсат Жабағин Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол жас ғалымдардыңжаңашыл идеялары мен ұсыныстарын жеткізу және кеңес шешімдерін нәтижелі ету үшін Академияның басшылық құрамына ресми түрде еніп, Басқарма Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұлжаңашылдық жас ғалымдарға өздерінің төрағасы арқылы Ұлттық ғылым академиясының негізгі шешімдерін қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Ал отандық ғылымда алғаш рет енгізіліп жатқан жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымына Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры Ph.D, жас заңгер-ғалым Муслим Хасенов тағайындалып, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктелді.

Айта кеткен жөн, елде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асады. Бірақ ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің орташа жасы 57 жасты құрап отыр.Ал ғалымдардың жалпы санының 15 пайызы зейнеткерлік жасқа жеткен.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button