Жарнама
Білім

Атырауда алғаш рет Халықаралық интеллектуалды жарысқа іріктеу турнирі өтуде

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Petrobowl Халықаралық байқауы басталды, — деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Petrobowl – мұнай инженерлері қоғамы (SPE) ұйымдастыратын халықаралық интеллектуалдық жарыс. Каспий маңы мемлекеттерінің студенттері мұнай-газ саласының техникалық аспектілері, сондай-ақ геология, геофизика және инженерия саласындағы білімдерін көрсетеді.

Зияткерлік ойынға Ресей, Әзербайжан, Қазақстаннан жеті команда — Nazarbayev University, Kazakh-British Technical
University, Azerbaijan State Oil and
Industry University, Almetyevsk State Oil Institute, Atyrau Petroleum Education
Center (APEC), Baku Higher Oil School және Atyrau Oil and Gas
University білімгерлері қатысып жатыр.

Аймақтық байқау жеңімпаздары АҚШ-та SPE техникалық конференциясы мен көрмесі аясында өтетін Petrobowl халықаралық финалына жолдама алу мүмкіндігіне ие болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button