Гумилев атындағы ЕҰУ-ға – 25 жыл
Бүгін Қазақстандық университеттердің көшін бастап тұрған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына 25 бес жыл толды. Осыған орай Университет ректоры Е.Сыдықов мерейтойлар аясында бұл күнді, 21 мамырды «Күлтегін» күні деп жариялады.
Салтанатты шара бағдарламасы бойынша ҚР Ректорлар кеңесі, «University sport centre» жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты, «ENU green team» ағаш отырғызу, «ЕҰУ тарихы: қалыптасу, даму және жасампаздықтың 25 жылы» тақырыбындағы көрме өтті.
Салтанатты мерейтой ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасын тапты.
Ғылыми кеңесте ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Е. Тоғжанов ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың және ҚР Премьер-Министірі А. Ұ. Маминнің құттықтау хаттарын оқыды. ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов ЕҰУ-ін мерейтойымен құттықтап, бір салалық медальмен марапаттады. Құттықтау сөзін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов жалғастырып, жоғары нәтижеге қол жеткізген профессорлар мен оқытушыларға мемлекеттік және салалық марапаттауларын табыстады.
Түскі үзілістен соң Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі мен танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен №5 Оқу-зертханалық корпусының Концерт залында «Университетім-мақтанышым!» атты гала-концерті өтеді.
Іс-шара басынан аяғынан дейін «YouTube» платформасында онлайн трансляциялануда. Іс-шараның өтуіне атсалысқан білім алушылар да әр локациялардан өз көрермендеріне репортаждар әзірледі.
Гүлбарам ҚҰРАҚ,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Университетінің журналистика және саясаттану
факультетінің 1-курс магистранты