Ғани Бейсембаев: «Тасқыннан зардап шеккен педагогтар басты назарға алынады»
Бүгін Атырауға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Apec PetroTechnic колледжіндегі эвакуациялық пунтке орналасқан жылойлықтармен кездесті. Оқу-ағарту министрі Жайық өзені маңындағы бөгеттерді бекіту жұмыстарымен айналысып жүрген педагогтерге де арнайы барып, сын сағатта туған өлкеге көмек қолын созып жатқан ұстаздарға зор ризашылығын жеткізді.
–Бүгін елімізде су тасқынына байланысты педагогтар бір кісідей атсалысып, апаттың бетін қайтаруға зор үлес қосып жатыр. Балалардың амандығы мен саулығы және қауіпсіздігі мені қатты алаңдатады. Сондықтан олардың жағдайын бақылап, психологиялық жағынан қандай көмектер қажеттігіне назар аударып отырмыз. Осы мәселені өз көзіммен көріп, танысу үшін Атырауға ат басын тіредім. Ең бастысы балалар қазіргі жағдайға қарамастан оқу процесінен қол үзген жоқ. Тұрғын үйлері суға кеткен мұғалімдердің тізімін алдырып, Президент айтқандай, олардың әрқайсысына шығындарының толыққанды төленуін қадағалау, мемлекеттің қамқорлығына алу жұмыстарын басты назарда ұстайтын боламын. Бұл менің азаматтық борышым деп есептеймін. Бүгінгі қиын күндер де артта қалып, қалыпты жағдайға оралатынымызға сенімдімін. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, Ғани Бектайұлы қазір Атырау қаласы Еркінқала ауылында жағалауда бөгет соғып жатқан педагогтармен кездеседі. Одан әрі Махамбет ауданы Төленов атындағы мектеп-гимназияда орналасқан эвакуациялық пунктті де аралап, өңірдегі педагог-волонтерлермен жүздеспекші.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ
Еліміз аман болсын. Апаттан аман болайық.!!!
Ел басына істүскенде, қол қусырып қарап отырмай, халқым деп ортасында жүргеніңіздің өзі қам көңіл болып отырған еліміздің жанынан табылғаныңыздың өзі бір ғанибет.
Елдің басына қиын күн туғанда, халық пен бірге болып,қол ұшін беріп , бізге өнеге көрсетіп қиын кезінде ел мен бірге болып
Ғани Бектайұлы сізді мақтан тұтамыз, Жарайсыз