Ерекше балаға — ерекше білім

img 20220401 wa0071 Білім

АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ.

«Атырауда ерекше білімді қажет ететін балалар арасында «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылық фестивалі өтті», деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, фестивальге қатысатын әр баланың ерекше жеке шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әрі оны ашуға көмек және қолдау көрсету.
Фестиваль Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының Республикалық, халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары «Қазына» би ансамблі мен «Еркем-ай» вокалдық ансамблінің музыкалық сәлемдемесімен ашылды.

Байқау «Аспаптық орындау», «Вокал», «Хореография», «Ым-ишарамен ән орындау» номинациялар бойынша өткізілді. Әр номинация жас ерекшеліктерімен белгіленді (кіші топ 10-14 және ересек топ 15-18 жас аралығында).

Байқаудың қазылар алқасына Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының хореография әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С.Д.Жаскеленова төрағалық етсе, алқа мүшелері Атырау қалалық Құрманғазы атындағы балалар саз мектебінің директоры З.К.Умиралиева, облыстық білім беру басқармасының бас маманы Г.Н.Еришова, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының вокал сыныбының мұғалімі Ш.Ғ.Күзембай болды.

Байқауда облыстық білім беру ұйымдарынан, Атырау қаласынан және барлық аудандардан 50 өнерлі үміткер қатысты, оның ішінде 4 қатысушы «Аспаптық орындау», 23-і – «Вокал», 21-і – «Хореография», 2 қатысушы – «Ым-ишарамен ән орындау» номинациялары бойынша қатысты.

Фестивальдың жабылу салтанатына Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова қатысып, балаларға тілегін жеткізді.

«Жұлдыз-ай» фестивалінің облыстық кезеңінің жүлделі І-орын иегерлері:

  • «Вокал» – Куралова Айназ(кіші топ), Хапар Эльвира (үлкен топ);
  • «Хореография» Әділбекқызы Әйнел (кіші топ);
  • «Ым – ишарат» номинициясында Крапивкин Сергей (үлкен топ);
  • «Аспаптық орындау» номинациясында Жаңбырбай Нурай (кіші топ), Вязниковцев Михаил (ересек топ) иеленді.

Байқау республикалық фестивальға іріктеу кезеңі болып саналады. Жүлделі І-орынды иеленген өнерлі оқушыларымыз «Жұлдыз-ай» республикалық фестивальге қатысуға жолдама алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз