Жарнама
БілімЖаңалықтар

Енді елімізде білім грантының бірнеше түрі берілетін болады

Жоғары білім алу енді қолжетімді боал түспек. Атап айтсақ, бұл мақсатта білім грантын 2025 жылға дейін 50 пайызға арттыру көзделіп отыр.

«Жоғары білім беруде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100 пайыз жаңарту міндеті тұр. QS WUR рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 15-ке дейін артады. 5 жылдың ішінде республика аумағында 5 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампустарын ашу жоспарлануда.

Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. «Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы бір жылдың ішінде студенттерге арналған стипендиялар мөлшері 25, докторанттарға 83 пайызға ұлғайтылды. Енді 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады» деді министр.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button