![Ең ірі STEAM кеңістігі оқушыларды тегін курстарға шақырады 1 jasspace 36](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/11/jasspace-36.jpeg)
Білім
Ең ірі STEAM кеңістігі оқушыларды тегін курстарға шақырады
Атырау қаласындағы 7-11 сынып оқушыларына мүмкіндік. JasSpace жобасы аясында – ғылым, технология, инженерия, өнер, математика курстары бойынша тегін оқу курстарында оқи алады.
Курс ұзақтығы — 2 ай. «Робототехника», «Инженерияға кіріспе», «3D модельдеу және басып шығару», «Лазерлік кесу және нақыштау», «Фрезерлік станокпен жұмыс», «WEB әзірлеу», «Python», «Химия», «Анатомия», «ЭкоLab», «Жасушалық биология», «Журналистика және шешендік өнер» курстары бар.
![Ең ірі STEAM кеңістігі оқушыларды тегін курстарға шақырады 2 kopiia jasspace 7](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/11/kopiia-jasspace-7-1024x683.jpg)
Бұған дейін STEAM кеңістігінде 6000-нан астам оқушы тегін білім алып шыққан. 80 пайыз практикадан, қызықты тәжірибелерден тұратын курстарға жазылу үшін @aydi.kz профиліне өтіп, форманы толтыру қажет.
Нұргүл Насыр