Еліміздегі ең білімді оқушыларды анықтайтын турнир басталды

20180523093528 Білім

21 мамырда «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11-сынып оқушылары арасында республикалық online-турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі.

20180523093528

«Кім білгіш?» эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған турнирдің ерекшелігі – ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы. Ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталған интеллектуалдық ойын – спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлем, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 мыңнан астам сұрақтан тұратын мобильдік қосымша. «Кім білгіш?» зияткерлік ойыны бойынша онлайн-турнир қатысушылар арасында сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Жеңімпаз дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн-турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі – 2018 жылдың 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Республика бойынша жоғары сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатысуға өтінімдерін www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына жібере алады.

І және ІІ тур 2018 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур Астанада болады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз