Жарнама
Білім

Ел ертеңі жолында

UTEBAYEV UNIVERSITY ұжымы, профессор-оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей көрсетілім арқылы тыңдады.  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары өркендетуге бағытталған.

Президент мемлекетіміздің халықаралық кеңістіктегі рөлін нығайтып, жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Соның бірі – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында ашылған И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің филиалы. Оқу орны еңбек нарығында сұранысқа ие  мамандықтар бойынша білім береді. Сонымен қатар, болашақ мұнайшыларды даярлайтын университетте қос дипломды білім беру, академиялық ұтқырлық секілді халықаралық бағдарламалар бар. Студенттердің шетелдік зауыттарда тәжірибеден өтуіне бағытталған халықаралық тағылымдамасын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жұмысты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау қажет екенін айтқан Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.  2022 жылы UTEBAYEV UNIVERSITY-де «қолданбалы бакалавриат» ашылған болатын. «Жұмыс беруші-колледж-университет» үштігінің тиімді өзара байланысын қамтамасыз ету арқылы тәжірибеге бағытталған білім беретін бағдарлама аясында заманауи өндірістік технологияларды игеретін түлектер даярланады.

  –Индустрияның технологиялық дамуының тенденцияларына және еңбек нарығының сұранысына сай кадр даярлау – университеттің стратегиялық мақсаты. Президент бүгін Жолдауда экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз етуді, соның ішінде су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда кадр тапшылығын жоюды тапсырды. Қазіргі заманғы маман даярлау моделін еңбек нарығына бағыттап, университеттегі білім беру  бағдарламаларын кәсіби, аймақтық стандаттар мен мамандықтар атласына негіздеу, жаңа бағдарламалар ашу бойынша жұмысты жалғастырамыз. Биыл Атырау мұнай және газ университетінде үш жаңа мамандық ашылды, — дейді UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Айдарбек АҚАРЫС

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button