
Цифрлық даму жолындағы серпіліс
Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығының іске қосылуы – еліміздің цифрлық трансформациясындағы айтулы оқиға. Қаржы секторы үшін бұл бастама ерекше маңызды, себебі жоғары өнімді есептеу жүйелері тәуекелдерді болжау, клиенттік мінез-құлықты талдау және деректерді қорғау бағыттарында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Банк менеджері ретінде айтарым, біз үшін мұндай технологиялардың қолжетімді болуы операциялық тиімділікті арттыруға, несиелік портфельді сапалы басқаруға және қаржылық алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, нейрожелі негізіндегі шешімдерді енгізу арқылы клиенттерге жекелендірілген қызмет көрсету деңгейін арттыра аламыз.
Бұл – ІТ саласы үшін ғана емес, экономиканың барлық секторлары үшін стратегиялық ресурс. Мемлекет басшысының бұл жобаны қолдауы – Қазақстанның инновациялық даму жолындағы нақты әрі сенімді қадамы.
Гүлүзім БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
«Bereke Bank» менеджері