Жарнама
Білім

Бүгін Атырауда  алты мектеп ашылды

1 қыркүйек – Білім күніне орай Атырау облысында алты мектеп оқушыларға есігін айқара ашты, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің telegram каналына сілтеме жасап.

«Білім күні құрметіне ашылған мектептер қатарында облыс орталығындағы екі BINOM мектебі, Сармат мектебі, Мамандандырылған спорт мектеп-интернаты, Ақжар-2 ауылындағы мектеп және Махамбет, Исатай аудандарындағы жаңа мектептер бар. Жыл соңына дейін тағы да 4 мектеп (1 қосымша ғимарат) ашылып, 12 мыңнан астам оқушылар жаңа мектептерде білім алатын болады. Баршаңызды білім күнімен құттықтаймын. Балаларымыз, сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосатындай азаматтар болып өссін», деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Айта кетейік, биыл Атырау облысы бойынша 15 290 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.

Нұргүл НАСЫР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button