Жарнама
Білім

Болашақтың білім беруі — нақ осы шақта

«Абай» орталығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының» ұйымдастыруымен «Болашақтың білім беруі — нақ осы шақта» атты жасанды интеллектті оқу үдерісінде қолдану
бойынша үздік спикерлердің іс-тәжірибесін көрсететін шеберлік сыныбының ашық есік күні өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры Роза Дәулетованың сөзінше шеберлік сыныбы жасанды интеллектті оқу процесінде қолдану бойынша үздік педагогтердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күніне қала, аудан мектептерінің 200-ге жуық ұстаз қатысты.
 
Карусель әдісімен өткен іс-шарада
«Бағдарламалау негізінде деректер қорын құру, сабақ кестесін автоматтандыру», «ЖИ көмегімен жұмыс жасайтын платформалар»,
«AI, 3D обьектінің генераторлары»,
«Жасанды интеллект оқу процесінде» тақырыптары бойынша аймаққа белгілі, үздік 8 спикер шеберлік сабақ өткізді. Білікті спикерлер Атырау қаласы мектептерінің ағылшын, информатика және география пәнінің мұғалімдері. Осы орайда іс-шара ұйымдастырушыларының сөзінше, жасанды интеллектті тек информатика пәнінің ғана емес барша пән мұғалімдері де жан жақты қолдана алады.

– Жасанды интеллект дегеніміздің өзі бұл оқу үдерісін жеңілдету деген сөз. 2015-2018 жылдар аралығында Астана қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы мектеп-лицейінде физика пәнінен сабақ бердім. Міне осы уақыт ішінде мен алғаш рет аталмыш қосымшамен таныстым. Әрине ол кездегі бағадарлама сапасын бүгінгімен салыстыруға келмейді. Дегенмен мен жасанды интеллекттің оқушылардың білім алуын оңтайландыратынын көзбен көрдім. Адамға тек озық мен мен жүйрік ғаламтор арқылы ол қосымшамен көптеген дүниені іске асыра алады. Міне сол кездегі білімімді бүгінде мен Атырау қаласының оқушыларына оқу барысында сәтті қолданудамын. Әрине таяқтың екі ұшы бар десек те, пайдалаы тұсын тиімді қолданған жөн. Оқушы мен ұстаз бірігіп ізденпаздықпен сапалы оқуда қолданған жөн. Ал бүгінгі шеберлік сынып ұстаздарға осы бағытта жол көрсетуде,-деді қатысушы, облыстық мамандандырылған Ж.Досмұхамедов атындағы МЛИ-ның физика пәні мұғалімі Бағлан Сауқымов.

Жиын соңында «Мультимодальдық оқытудың болашағы: қиындықтар мен перспективалар» бойынша арнайы мамандар ой өрбітіп, пікір алмасты.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button