«Біздің біліміміз –біздің елімізге»

img 20221111 wa0072 Білім

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 11 қараша күні сағат 16:00 де «Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық бағдарламасы»  аясында  «Петронас технологиялық унииверситеті» (Малайзия),  «Прага химия және технология университеті» (Чехия), «Баку жоғары мұнай мектебі» (Әзербайжан) жоғары оқу орындарындағы білім алушыларымыздың қатысуымен «Біздің біліміміз –біздің елімізге» атты халықаралық онлайн  ынталандыру шеберлік дәрісін өткізді. Дәріске облыстағы оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты. 

Дәрісте шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарында оқып жүрген АтМГУ студенттері Тоқсан Нұртас, Нұрланұлы Тамерлан, Өтепбергенов Ардақ халықаралық бағдарламалар бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы айтты. Дәріс онлайн (ЗУМ) және офлайн форматтарында өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз