Малайзиялық компания өкілдері — Атырауда

img 20220704 wa0059 Білім

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне малайзиялық Petronas Ұлттық мұнай компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Делегация 4-7 шілде аралығында Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларында болып, бірқатар кездесулерге қатысады. 

Делегация құрамында – Petronas жобалар мен технологияларды жүзеге асыру кеңсесі вице-президенті Мохд Шахрул Амир Замбери, UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб, UTP стратегиялық жобалар жөніндегі бас директоры Заимизи Хамдани, UTP инженерлік факультеті деканы, доктор Росдиазли Ибрахим бар. 

Сапар мақсаты – ҚР Мұнай және газ индустриясымен танысу және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында Петронас технологиялық университетінің (UTP) филиалын ашу мүмкіндігін қарастыру.

АтМГУ-де өткен кездесуде тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайту және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында малайзиялық UTP университетінің филиалын ашу мәселесін талқылады. Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынатын бұл жоба қазақстандық жастардың шетелге бармай-ақ қолжетімді бағамен сапалы білім алуына, отандық университеттердің шетелдік үздік ЖОО-мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. 

Кездесуде С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова университеттер арасындағы стратегиялық әріптестік жөнінде баяндады. UTP инженерлік факультеті деканы, доктор Росдиазли Ибрахим Petronas-тың білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және халықаралық байланысты дамыту жоспарымен таныстырды. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз