Жарнама
Білім

Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі бар

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің басты ерекшелігі – информатика комбинациясының енгізілуі. Бұл жаңашылдық IT саласы, информатика мұғалімдерін даярлау, ақпараттық технология мен қауіпсіздік сұранысына байланысты туындап отыр. Ал, қаңтар және наурыз айларында өткен сынақта республика бойынша математикаинформатика комбинациясын тест тапсырушылардың 10 пайызы ғана таңдаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында облысқа іссапармен келген ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады.

Баспасөз мәслихатында биылғы ҰБТ-ның жаңашылдықтары мен ерекшеліктері туралы айтқан орталық басшысы мектеп бітіруші түлектердің көпшілігі математикафизика пәнін таңдап отырғанын айтты.

– Әрине, мұны түсінуге болады. Өйткені, техникалық мамандықт арға бөлінетін гранттардың саны көп болады. Сонымен қатар, талапкердің 31 мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар. Атырау өңіріне іссапар барысында С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде биология-химия бейіндік пәндерін тапсыратын оқушылар үшін ҰБТ кезінде химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен тұздардың ерігіштік кестесін қағаз түрінде беруге шешім қабылдадық. Бұл да тестілеу кезінде түлектерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы атқарылған жұмыстардың бірі, — деді Руслан Тоқтарбекұлы.

Ол сондай-ақ, ата-аналар мен түлектерді толғандырып жүрген ең маңызды мақсатты грант мәселесі туралы да егжейтегжейлі түсіндіріп берді.

«Былтыр Президенттің тапсырмасы негізінде Атырау мен Маңғыстау облысының талапкерлеріне арнайы 10 мың грант бөлінді. Биыл Атырау өңіріне 1500 грант бөлініп отыр. Мақсатты грант – түлектер үшін зор мүмкіндік. Сондықтан, талапкерлер мұны міндетті түрде пайдалануы керек. Өткен жылы мұндай грантқа құжат тапсырмаудың басты себебі түсінік жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен болды. Ата-аналар бұл грантты пайдаланған балаларымыз кейін осы өңірде еңбек етіп қайтаруы тиіс деп ойлап, оны «Серпін» бағдарламасымен шатастырды. «Атырау-Маңғыстау» грантының ондай міндеттемесі жоқ және бұл тек қана осы өңірдің балаларына бөлініп отырған грант. Мақсатты грант педагогикалық, өндірістік, инженерлік, IT, жаратылыстану бағыттарына қарастырылған. Талапкер бір кезекте мамандығына қатысты құжатын жалпы республикалық конкурс бойынша да, о сы мақсатты грантқа да тапсыра алады», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Оның айтуынша, егер былтыр талапкерлер тіркелу базасы ашылған кезде бір сәтте екі мүмкіндікке тіркелсе, биыл 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында бірінші мүмкіндікке, 7-14 мамыр аралығында екінші мүмкіндікке тіркеле алады. Ерекше атап өтер жайт, биыл түлектерге негізгі ҰБТны екі рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр және осы жылдың талапкерлері үшін ол тегін болмақ. Ал, өткен жылдың түлектері ҰБТ ақылы негізде ғана тапсыра алады.

– Түлектер тестілеу ге тіркелу кезінде өздерінің және ата-аналарының ұялы телефон нөмірлерін міндетті түрде дұрыс көрсетуі керек. Себебі, ҰБТ болар алдында әр оқушыға қай күні тапсыратыны және қай бейінді пәндер таңдағаны туралы SMSхабарлама жіберіледі. Сонымен қатар, ҰБТ кезінде оқушы өзімен бірге тек қалам ғана алып кіреді, — деді спикер.

Баспасөз мәслихатында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбас ары Айнагүл Дүйсекенова ҰБТның жыл бойына жүргізілуі оқушыларға негізгі тестілеуге психологиялық тұрғыдан үлкен дайындық болғанын айтты. Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 5683 оқушы мектеп бітірсе, соның ішінде «Алтын белгіге» үміткер саны – 167.

– Түлектердің негізгі тестілеуді екі мәрте тапсыру мүмкіндігіне ие болуы – мемлекет тарапынан жасалып отырған басымдықтың бірі. Қазір әр тестілеу өткен сайын оны талдап, оқушылардың дайындығына аса назар аударып отырмыз, — деді Айнагүл Байғанинқызы.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button