Биыл облысымызда 12 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда

izobrazhenie 2021 08 27 114248 Білім

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында «Самұрық Қазына» АҚ-ның қолдауымен «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында биылдан бастап облысымызда 12 мектептің құрылысын салу жұмысы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс аумағында 2023-2025 жылдар аралығында көлемі 300 орындықтан басталып 2000 орындыққа дейін жететін 12 мектептің құрылыс жобасы іске қосылады.

– Биылдан бастап үлкен құрылыс жобаларын қолға алып жатырмыз. Нақтырақ айтқанда, осы жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта облысымызда 12 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Өңірдегі білім беру сапасының артуына бірден-бір себеп – білім ордаларының көбірек бой көтеруі. Болашақ білімді жастардың қолында. Мемлекетіміз бен болашақ жас ұрпақтың арасындағы байланыс өте зор. Осы тұста облысымыздың әр өңірінен 300 орындық пен 2000 орындықтан тұратын мектептер салуды көздеп отырмыз. Атап айтар болсақ, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Ақсай-2 ауылында 900 орындықтан тұратын 3 мектепті салу. Сондай-ақ, облыс бойынша 1200 орындықтан тұратын 3 мектеп, 600 орындықты 3 мектеп, 300 орындықты 1 мектеп және 2000 орындықты 2 мектепті салуды жоспарлап отырмыз. Бұл аталған мектептер 2025 жылдың аяғына дейін салынып бітеді, – деді Н.Құсайынов.

Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Исатай ауданы Аққыстау селосында 250 орындық өнер мектебінің құрылысы, Мақат ауданы Доссор кентіндегі Мұнай және Газ технологиялық колледжіне дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз