Жарнама
Білім

Биыл Атырауда 3 мыңдай студенттің шәкіртақысы жоғарылайды

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттеріне 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда білім алатындарға 84 мың теңгеге дейін шәкіртақы төленеді. Магистранттардың алатыны 117 098 теңгеге, докторанттардыкі 262 500 теңгеге дейін өспек. Сонымен қатар емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары шәкіртақы алу мүмкіндігі сақталады. Бүгінде Атырау облысындағы қос жоғары оқу орнында 11 мыңға жуық студент білім алады. Олардың 3 мыңдайы шәкіртақыға ие.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5856
Screenshot

Өңірдегі университеттердің магистратурасында оқып жатқан студент саны 700-ге жуықтайды. Оның тең жартысы ай сайынғы мемлекет қолдауына ие болып отыр. Яғни, олар да күзден бастап жоғары шәкіртақыға қол жеткізбек.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында 708 студенттің облыс әкімі грантының негізінде білім алып жатқанын да айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button