БІЛІМ КӨЗІ – КІТАПТА
«Дөңгелек үстел» барысында мектеп кітапханаларын қамту, ақпарат сауаттылығын тиімді қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, облыстағы мектептер кітапханашыларының қызметі кеңінен сөз болды.
«Өрлеу» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі басқарма басшысы Айтпай Қарамурзин басқосуды ашты. Институттың кітапхана бөлімінің басшысы Гүлсара Маеваның, облыстық білім беру, оқу-әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры әдіскері Людмила Ханның, Атырау қалалық №36 орта мектебі кітапхана меңгерушісі Ләззат Кохаеваның тақырыптық баяндамалары тыңдалды. Шараға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, институт қызметкерлерінің ғылыми әдістемелік еңбектерінен жасақталған «Біліктілікті арттырудан – кәсіби шеберлікке» кітап көрмесі таныстырылды.
А.ЕРТІЛЕУ.