Білім беру сапасы басты назарда

1181f15d eed6 4e91 8a7a 637d23dcc9e4 Білім

Былтыр елдің саяси өмірін маңызды оқиғаларға толы болды. Соның ішінде қараша айында өткен президент сайлауын ерекше атап айтуға болады. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданған болатын.

 «Әділетті мемлекет. Әділетті экономика. Әділетті қоғам» аталған жоспарда саяси, экономикалық, әлеуметтік бағыттарды қамтитын жан-жақты нақты істер межеленген еді.

Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты –  қолжетімді және сапалы білім беру. Бүгінгі таңда Х.Досмұхамедов университетінде 56 бакалавриат білім беру бағдарламасы және 41 магистратура  бағдарламасы бойынша мамандар дайындалады. Білім сапасын арттыру мақсатында білім бағдарламалары үнемі талдаудан өтіп, заманауи өзгерістер мен жұмыс берушілердің сұранысы мен ұсыныстарына сай жетілдіріліп отырады. Сонымен қатар, университет жергілікті ғылыми кадрларды дайындау үшін докторантура ашу жұмыстарын бастады. 

5610019a 9a19 4066 98c7 17f5e77fdb00

Қазіргі кезде «Amanat» партиясының Жастар қанаты «Жастар рухы» филиалы құрамында университеттің 800-ден аса студенті бар. Университетте жүргізілген сауалнамаға қарағанда біздің студенттеріміздің 75%-ы белсенді азаматтық ұстанымда болса, 86%-ы  Қазақстан патриоты санап, ел келешегіне еңбек етуге дайын. Университет жастарды қолдау бойынша 2022-2023 оқу жылында 243 студентке оқу ақысына 43 млн теңгеге жеңілдік көрсетті.

Студенттердің стипендиясын 2 есеге көтеру, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы да іс-шаралар жоспарында қарастырылған еді. Бұл бағытта соңғы екі жылда білім алушылардың шәкіртақылары кезең-кезеңмен көтеріліп келеді. Және де оқытушы-профессорлардың да еңбекақылары соңғы екі жылда екі есеге дейін өскенін атап өтуге болады.

b19e4850 9486 4957 b8f5 b96d379d8e03

Депутаттық жұмысымда «Amanat» партиясы облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде өңірдегі білім мен денсаулық саласындағы өзекті мәселелердің талқылануы мен шешімін табуына қатысты жұмыстар жасалды. Олардың ішінде апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымдағы мектептер, оқушылардың ыстық тамағы туралы, мектеп оқушылары арасындағы тәрбие жұмысы, мұғалімдердің құқығын қорғау және көптеген мәселелер  қоғамдық кеңес жұмысында қаралды. Республикалық қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламент мәжілісі депутаты Жұлдыз  Сүлейменовамен  Жол картасының орындалуын әрқашан назарда ұстап, тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз.  

Саламат Идресов, 

Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз