Жарнама
БілімСаясат

Білім бағдарламалары – жаңа жүйеде

Жолдау жолдарынан:

«Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын».  

1491187347_article_b_1500_

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жоғары білім беретін маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін атап айтты. Гранттардың саны көбейді, енді жауапкершілік сұралады. Өйткені, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Енді жоғары оқу орындарын ірілендіру саясаты жүргізілетін болады.

Атырау мұнай және газ университетінің базасында ақылы негізде жаңа оқу-білім бағдарламасы іске қосылды. Сынаққа сақадай сай боламын дейтін мектеп түлектеріне университеттің профессор-оқытушылары мен қала мектептерінің жоғары санатты мұғалімдері дәріс береді. 2018-2019  оқу жылында жоғары білім алуға дайындық сабақтары жүргізіледі. Таңдау пәндеріне сәйкес 10-12 оқушыдан топ құрылады.

Ал, 2015-2016 оқу жылынан бастап университет «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамымен, «ҚазТехМұнайСервис», «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен және Атырау мұнай өңдеу зауытымен бірлескен екіжақты дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Күндізгі бөлімнің ІІІ-ІV курс студенттері оқудан қол үзбей еңбек етіп, табыс табады. Бітіргеннен кейін екі жылдық өтілі бар еңбек кітапшасын алып шығады. Сонымен қатар, студенттерді қабылдаған жұмыс беруші тараптың комиссия мүшелері өздеріне жұмысқа алып қалуды көздейді.

Сондай-ақ, «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы негізінде Польша, Америка, Италия, Әзербайжан, Ресей Федерациясының  Астрахань, Уфа жоғары оқу орындарында және Мәскеудегі И.Губкин атындағы мұнай және газ университетінде оқуға мүмкіндік бар.  Бір академиялық семестр оқуы конкурстық негізде жүргізіледі.

Алпамыс Ғилымов,

Атырау мұнай және газ университеті ректорының кеңесшісі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button