БЕРСЕҢ, БАЛАҒА БЕР!..
Осы мақсатта үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі арасында «Мейірімді бол» акциясы өткелі отыр. Биыл мектепке баратын 98 000-ға жуық оқушының 11 000-ы – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққандар. Дәстүрге айнала бастаған бұл акцияға ТШО, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Казтрансойл», «Ембімұнайгаз» сияқты басқа да ірілі-ұсақты мекеме, кәсіпорындар жыл сайын өз үлестерін қосып, көмек ретінде мектеп құралдарын, қысқы, жазғы киімдер, тағы сол сияқты қажет заттарды алып беріп келеді. Бұл игі шара биылғы жылы да жалғасын табары сөзсіз.
«Мұқтажды қолдап, қайырымдылық жасайтын жекелеген адамдар да күннен-күнге көбейіп келеді. Жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолдарын созып, олардың бақытты балалық шақты сезінуіне жағдай туғызып отырған азаматтардың барлығына да алғысымыз шексіз. «Көп біріксе – күш» деген, бейкүнә балалардың мұңсыз болуы үшін азаматтық үлес қосып, кісіліктің биік шыңынан көріну, кім-кімнің де парызы болмақ. Сол үшін де барша халықты осы акцияға қатысуға шақырамын» деді басшының орынбасары.
Соңынан оған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері көкейде жүрген сауалдарын беріп, тұшымды жауаптарын алды.
Ағиба ҚАТЕШОВА.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ