БілімЖаңалықтар
Атыраулық жас математиктер республикалық сайыста топ жарды
“5-6 сыныптар арасында өткен
I республикалық математикалық олимпиадада Атыраудағы №17 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Тарлан Ереулиев бас жүлде иеленді“,-деп хабарлайды Atr.kz.
Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған додада Атырау қалалық №35 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Жаннұр Қуат грамотамен марапатталды.
Олимпиадаға еліміздің түпкір-түпкірінен 5-сынып бойынша 47 оқушы қатысқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада республика бойынша математика пәніне бейімі бар балаларды анықтап, ол балалармен ары қарай кешенді жұмыс жасау, жеңімпаздарды жыл бойы оқу жаттықтыру жиындарына шақырып отыру мақсатын көздейді.