Атыраулық түлектерге 1200 нысаналы грант бөлінді
Биыл Атырау облысының мектеп бітіруші түлектеріне 1200 нысаналы грант бөлінген. Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтіп жатқан жоғары білім көрмесі мен форум барысында республика Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мәлім етті.
– Білім беру грантының бұл түрі 2022 жылы алғаш рет ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша анықталды. Биыл халық тығыз қоныстанған Түркістан, Шымкент қалалары мен жаңадан құрылған Жетісу, Абай облыстарына және Маңғыстау, Атырау өңірлеріне барлығы 5000 нысаналы грант бөлініп отыр. Соның 1200-і тек қана арнайы Атырау облысына бөлінген гранттар. Бұл көрмеде талапкерлер нысаналы гранттар туралы мағұлматтар алып ғана қоймай мамандықтармен танысып, әр жоғары оқу орындары туралы толыққанды мәліметке ие болады. Биыл Атырау облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, ата-аналар мен мамандық таңдауға ерте қамдану үшін X сынып оқушыларына арнайы семинарлар да ұйымдастырылып отыр, — деді Р.Емелбаев.
Мәлике МӘЛІК
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ